«ҚазТрансойл» бірінші жартыжылдықта 33 млрд. 757 млн. теңге таза пайда тапты

None
None
АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2013 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және айдау көлемі 26 млн. 198 мың тоннаны құрады.

Бұл бірінші жарты жылдыққа белгіленген жоспарға 2 пайызға жоғары және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас көрсеткішке қарағанда 1 пайызға төмен. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Сонымен қоса шоғырландырылған мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен айдау көлемі 32 млн. 681 мың тоннаны құрады. Аталған көрсеткіш жоспарлы межеден 3 пайыз және 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұқсас нәтижесінен 2 пайызға жоғары.

Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахан - Маңғыстау су құбыры арқылы су беру көлемі 11 млн. 237 мың текше метр болды. Көрсеткіш жоспардан 9 пайызға, ал былтырға қарағанда 2 пайызға жоғары.

Жалпы компанияның 2013 жылдың бірінші жарты жылдықтағы негізгі қызметтен түскен шоғырландырылған кіріс көлемі 82 млрд. 375 млн. теңгені құрады. Бұл 2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы көрсеткішінен 44 пайызға артық. Сонымен қатар, 2013 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-ның шоғырландырылған таза пайдасы 33 млрд. 757 млн. теңгені құрады. Былтырғы жылдың дәл осы кезеңіне қарағанда, аталмыш көрсеткіш 155 пайызға жоғары.

Соңғы жаңалықтар