ҚазТрансОйл 13 млрд теңгеге тендер өткізу кезінде басы артық талаптар қойған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас көлік прокуратурасы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінде әлеуетті өнім берушілерге артық біліктілік талаптарын қою арқылы жасанды шектеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мысалы, қоғам ашық конкурс тәсілімен автокөлік құралдарын жалға алу қызметін жалпы сомасы 12,8 млрд теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

Осыған қарамастан автомобильдерді жалға алу үшін қажет етпейтін «жол инспекторы/техник/инженер-механик» мамандығы бойынша дипломдар болуы шарт ретінде қойылған.

Ұлттық оператордың әкімшілік ғимаратын күтіп ұстау жөніндегі қызметтерді 460 млн теңгеге сатып алу кезінде де осындай жағдай болды.

Тендерлік құжаттама бойынша кәсіпкер күзет қызметі бойынша лицензияның, сондай-ақ қалдықтарды сұрыптау мен жою бойынша рұқсат құжаттардың бар екенін растауға тиіс болған.

Прокуратура актісі бойынша жоғарыда аталған тендерлер адал бәсекелестік қағидаттарының бұзылуына байланысты жойылды.

Фото: gov.kz



Соңғы жаңалықтар