«ҚазТрансГаз Аймақ» түркістандық кәсіпкерлерден себепсіз қосымша ақы алып отырған

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының прокуратурасы қадағалау барысында тауарлық газ тұтынушыларының құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талаптар жүктеген.

Нәтижесінде газ тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 – 1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып қолданылуы мүмкін.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану мүмкіндігі жойылып, 37 кәсіпкердің құқығы қорғалды және оларға негізсіз өндірлген 4,7 млн теңге қайтарылды.


Соңғы жаңалықтар