USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент филиалына қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды

2022 жылғы 14 қаңтар 08:45
Бөлісіңіз:
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент филиалына қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент филиалына қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Бұған дейін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің атына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Шымкент өндірістік филиалының іс-әрекетіне қатысты 4 азаматтан өтініш келіп түскен болатын.

Департамент осы өтініштердің негізінде, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтау мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпарат алып, реттеліп көрсетілетін қызметке қоспағаны туралы анықталды, бұл өз кезегінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 және 26-баптарын өрескел бұзу болып табылады.

Осыған байланысты, департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 4 (төрт) әкімшілік хаттама толтырды және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқама енгізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT