«ҚазТранГаз Аймақ» АҚ облигацияларын Қазақстан қор биржасында орналастырады

None
None
АЛМАТЫ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) жақын арада «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның облигацияларын тарату бойынша арнайы сауда өтеді. Компания бұл үшін қор биржасының листингтік комиссиясының келісімін алғанын жариялады. Онда орналастыру көлемі 12,4 млрд. теңгені құрап, облигацияның төменгі шекті құны 1 мың теңге, айналыста болу мерзімі - 5 жыл және тиянақталған жартыжылдық купон - жылына 7,5 пайыз көлемінде болмақ.

Компанияның басқарушы директоры Нұржан Нұрлановтың айтуынша, бұған дейін газ тарату желілерін қайта жаңғырту мен құру инвестициялық жобалары ҚазТрансГазАймақтың өз қаржысымен және Қазақстан даму банкі несиесі арқылы қаржыландырылып келген. Енді олар оны тартылған заемдық қаржы есебінен жүзеге асыруға үмітті болып отыр. Қор биржасына шығудағы басты мақсат инвесторлардың кең ортасынан ұзақ мерзімдік қаржыландыруға қол жеткізу болуда.

Соңғы жаңалықтар