Kaztraffic-2022: Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар базасы жасалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар базасы пайда болады. Бұл туралы еліміздегі жол ғылыми-зерттеу институтының президенті Арман Әлібаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің институт жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар базасын жасап жатыр. Бұрын-соңды мұндай база болған емес. Бүгінде жол саласы бойынша жаңа технологияларды қамтитын жүйе әзірледік. Жаңа базада соңғы технологиялардың көмегімен апробация нәтижелері зерттеліп, ғылыми-зертханалық сынақтар өтеді. Зертханалық сынақтардың нәтижесі базада ашық жарияланады», - деді Арман Әлібаева Астанада өтіп жатқан «Kaztraffic-2022» халықаралық көрмесінде.

Оның айтуынша, базаны алдағы жылдан бастап іске қосу жоспарланған.

Сондай-ақ, институт басшысы зертханалық сынақтан өткен 100-ге жуық жаңа технологияның барын атап өтті.

Яғни жол-құрылыс материалдары базасында аталған технологиялар қолданылады.

Еске салсақ, күні кеше автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин жол саласына қатысты нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай жүйесінің жасалып жатқанын мәлімдеген еді.

Комитет төрағасы хабарлағандай, жаңа нормативке сәйкес жол әр аймақтың климатын ескере отырып салынбақ.

Айта кетейік, Астанада Kaztraffic-2022 халықаралық көрмесі өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар