«Қазтест» жүйесін Мәдениет және спорт министрлігінің құзырына беру қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазтест» жүйесін Мәдениет және спорт министрлігінің құзырына беру қажет. Мұндай ұсынысты бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда, «Қазтест» жүйесі арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзырында. Алайда, Мемлекеттік бағдарламада «Қазтест» жүйесі арқылы қол жеткізілуі көзделген бірнеше нәтижелі көрсеткіштер мен іс-шараларды жүзеге асыруға және «Қазтест» жүйесі оқу-әдістемелік құралдарын басып шығаруға Мәдениет және спорт министрлігі жауапты», - деді ол Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы жайында баяндай келе.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша,  «Тiл туралы» Заңға сәйкес азаматтардың мемлекеттiк тiлдi меңгеруiн үйлестіру Мәдениет және спорт министрлігінің құзырында тұр.

Осы ретте, келесі жылы мемлекеттік бағдарламаның аяқталуына байланысты мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесін арттыру, көрсеткіштерін нақтылау және қорытындылау мақсатында  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығына қарасты ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарманы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына беру қажет деген ұсыныс туындап отыр», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Соңғы жаңалықтар