ҚАЗТЕСТ сертификаттары электрондық форматқа көшірілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ​2023 жылдан бастап ҚАЗТЕСТ сертификаттары Ұлттық тестілеу орталығының certificate.testcenter.kz сайты арқылы электрондық форматта беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

​Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҚАЗТЕСТ электрондық сертификатында алушының деректері, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі, оны сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.

​«Бұған дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат қағаз түрінде берілетін. Енді докторантураға түсушілер, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері және басқалары ҚАЗТЕСТ сертификаттарын электрондық форматта алатын болады. Алайда, жарамдылық мерзімі өтпеген қағаз нұсқадағы сертификаттардың жарамдылығы сақталады», - деп атап өтті ҰТО директоры Руслан Емелбаев.


Соңғы жаңалықтар