ҚазТемірТранс Қостанай филиалының директоры пара алғаны үшін сотталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 соты «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б. Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімін шығарды.

Жоғарыда аталған тұлғалар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды, берді деп айыпталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгені құрайды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар