«Қазтеміртранс» АҚ-ның бұрынғы топ менеджері Д.Әлмусинге халықаралық іздеу жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі 100 мың доллар көлемінде пара алуда күдікті деп танылған «Қазтеміртранс» АҚ-ның бұрынғы атқарушы директорына тұспалдау жіберді.

«ҚР ҚК-нің 311-бабының 5-бөлімімен (пара алу) қарастырылған аса ауыр қылмысты жасағаны үшін 04.08.1961 жылы дүниеге келген Әлмусин Дүйсембай Тоқымұлы іздестірілуде. Ол Қарағанды қаласының тумасы, ұлты қазақ, бойы 170-175 см, орта денелі, шашы қылау түскен қара, көздері қара», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметінде күдікті ер адамның 2014 жылдан бері іздестіріліп отырғанын атап өтті. Іздеудегі адам анықталса немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, оның болуы мүмкін жері туралы 87019102070, 87017975647, 8 (7172) 756536, 756535, 756522,756632 телефон нөмірлеріне хабарласу керек. Бұл ақпарат үшін сыйақы қарастырылған. Хабарласқан адамның есімінің аталмауына кепілдік беріледі.

Соңғы жаңалықтар