Қазталов ауданының әкімдігі 5 млн теңгенің пәтерін 30 млн теңгеге сатып алмақ болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Батыс Қазақстан облысындағы ақылға қонымсыз сатып алу конкурсы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ол ве до мствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылаған алқа мәжілісінде айтты.

«Агенттік «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп конкурстық сатып алу бағаларына мониторинг пен талдау жүргізуде. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының әкімдігі ауданы 40-тан 60 шаршы метрге дейінгі пәтерді 30 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Мұндай баға тіпті елордада да жоқ екені анық. Біздің ұсынысымыз бойынша баға 6 есеге (5 млн. теңге) төмендеді», – деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, бағаны бұлайша қолдан көтеру келісілген параны өтеу үшін қолданылатын көрінеді.

«Өткен жылы бағаны асырып көрсетудің шығындары 40 млрд болса, биыл жарты жылдың өзінде 36 млрд теңгенің алшақтығы анықталып отыр. Іс жүзінде бұл проблемалық сигнал. Бағаны көтеру – алдағы уақыттағы пара алу және қайтарудың алғашқы қадамы», - деді антикор басшысы.

Аталған мәселені шешу үшін агенттік мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу порталдарын біріктіріп, бюджеттік өтінімдерді орналастырудың жариялылығын, біртекті тауарлар үшін бірыңғай ерекшелік пен нақты бағабелгілеуді ұсынып отыр.


Соңғы жаңалықтар