«Қазсушар» сотталған қызметкерлеріне қатысты шара қабылдамаған - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазсушар» кәсіпорыны сотты болған қызметкерлеріне қатысты шара қабылдамаған. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болат Сабырұлы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сіздің кәсіпорынға сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша сыртқы талдау жүргізді. Тиісті ұсыныстар берілді. Алайда, осы уақытқа дейін сотты болған қызметкерлерге қатысты шара қабылданбаған. Заңсыз іс-әрекеттер салдарынан кәсіпорынға келтірілген залалды өтеуге бағытталған талап қою жұмыстары толық көлемде жүргізілмеген. Мемлекеттік сатып алуды бір күндік компаниялар ұтады. Жалпы, әлсіз жұмыс жүргізілуде», - деді Мағзұм Мырзағалиев «Қазсушар» кәсіпорнының бас директоры Болат Арыстанбаевқа қарата.

Осыған байланысты министр ведомствоға қарасты Су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбекке бұл мәселені жеке бақылауға алуды тапсырды.

«Ал Болат Сабырұлы осы бағытта жұмысты күшейтуі керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар