Kazsport арнасы футболдан Қазақстан чемпионатын көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Kazsport« телеарнасы екі жылдық үзілістен кейін футболдан Қазақстан чемпионатын трансляциялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
»Қымбатты достар! «Kazsport» телеарнасының екі жылдық үзілістен кейін футболдан Қазақстан чемпионаты матчтарын көрсететінін қуанышпен хабарлаймын. Біздің министрліктің көмегімен телеарна Қазақстанның кәсіби футбол лигасымен уағдаластық жасады«, - деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында.
Бүгін 17:00-де тікелей эфирде «Қайрат« және «Ақтөбе« клубтарының ойыны көрсетіледі.
»Чемпионат аяқталып келеді және әрбір кездесу жүлде тағдырына ықпал етеді. Сондықтан, әрбір кезеңде тартысты ойын тамашалайтынымызға сенімдімін«, - деді министр.
- Ақшасы көңілінен шықса, «Канело» Головкинмен үшінші рет айқасуы ықтимал
- Елордада алғашқы Dream Cup балалар турнирі өтті
- Ақмолалық палуан қыздар республикалық турнирде топ жарды
- Токиодағы Паралимпиада билеттеріне сұраныс рекордтық - 3,1 млн-ға жетті
-
Семейде қазақстандық футбол мұражайы жаңа жәдігерлермен толықты
-
Геннадий Головкин Қарағанды облысының әкімімен кездесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам