«Қазселденқорғау» мекемесіне жаңа басшы тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Бекенов ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайрат Асқарбекұлы 1978 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист», Құқық және нарық академиясын «заңгер», сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Алматы қаласының салық инспекторы, ҚР Қаржы министрлігінің Үкіметтік қарыздарды тарту департаменті басқармасының бастығы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеген. ⠀

Сонымен қатар, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған.

Айта кетейік, Қайрат Бекенов былтыр тамыз айында Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылған еді.

Фото: Атырау облысы әкімдігінің сайтынан


Соңғы жаңалықтар