Kazsat қызметін 15 байланыс және хабар тарату операторлары пайдаланады

None
None
АҚКӨЛ. ҚазАқпарат – Бүгін, 2021 жылдың 28 сәуірінде Kazsat-3 қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигінің ұшырылғанына 7 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kazsat-3 ғарыштық аппаратын және «Луч-5В» ретранслятор спутнигін орбитаға шығарған «Протон-М» тасымалдаушы зымыраны «Бриз-М» үдемелі блогымен 2014 жылдың 28 сәуірінде Байқоңыр ғарыш айлағының №81 алаңынан ұшырылды.

Үшінші қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигі «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «М.Ф. Решетнева атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» ААҚ, Thales Alenia Space-пен (Италия) тапсырысымен дайындалған.

Kazsat-3-тің өзінің орбиталық жайғасымы бар – шығыстық ұзықтықтың 58,5 градусы, спутниктің жұмыс ресурсы 15 жылға жарамды.

Мамандардың айтуынша, қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигін құруда ғарыштық аппараттың алдын ала белгіленген сипаттамасы мен сенімділіктің керекті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи техникалық шешімдер пайдаланылды. «Спутниктің обритадағы 7 жылында оның мақсатты міндетіне әсер ететін бірде-бір оқыс жағдай тіркелмеді. Бүгінгі күні Kazsat-3 78%-ға жүктелген, және оның қызметтеріне деген сұраныс артуда», - деді «Ақкөл» ҒБО директоры Қайрат Телғарин.

Kazsat-3-тің телерадио хабарларын тарату, телефония, деректерді жеткізуге арналған қызмет көрсету аймағы Қазақстан Республикасының барлық аумағын, Ресейдің орталық бөлігін, Орталық Азия елдерін қосады.

Бүгінде қазақстандық ғарыштық байланыс жүйесі 100% елдің ішкі нарығындағы қажеттіліктерді өтеп отыр. Kazsat байланыс спутнигінің қызметтерін ел аумағында орналасқан 13 мыңнан астам спутниктік байланыстың жер стансалары бар 15 негізгі қазақстандық байланыс және хабар тарату операторлары пайдаланады.


Соңғы жаңалықтар