KazSat ғарыш жүйесінің жаңа буыны қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов KazSat ғарыш жүйесін ары қарай дамыту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«KazSat ғарыш жүйесін ары қарай дамытуға ерекше назар аударып отырмыз. Осы орада перспективалы ғарыштық байланысты құру бойынша әзірлемелер жалғасады. Қазіргі кезде ол KazSat 3R уақытша атауға ие болып отыр. Ол қолданыстағы KazSat 3 спутнигін алмастыру үшін арналған. Жобаға дейінгі жұмыстар бізде 2024 жылға белгіленген», - деді Василий Леонов Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында

Оның сөзіне қарағанда, бұл жүйенің нұсқасы ғарыш аппараттарын шығаратын алдыңғы қатарлы компаниялардың заманауи шешімдерін қолдануға бағдарланады.

«2024 жылға дейін өзгерістер мен трансформациялар енгізілетінін, жаңашылдықтар пайда болатынын түсінеміз. Осы ғарыш жүйесін даярлау кезінде бұл аспектілер ескеріледі. Қазір негізгі бағдарлар спутниктік телеарнаны трендтік дамытуға жүріп жатыр», - деді Василий Леонов.

Бұрын хабарланғандай, елордада үшінші рет Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы 28-29 қазан аралығында өтіп жатыр.

Биылғы форумның тақырыбы - Digital Era Lifestyle. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Цифрландыру, инновация және ғылым арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын ұсынды.


Соңғы жаңалықтар