«ҚазСат-3», «ҚазСат-4» , «ҚазСат-5» спутниктерін құрастырушылар тек тендерлік жолмен анықталады - брифинг

None
None
А. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -«ҚазСат-3», «ҚазСат-4» , «ҚазСат-5» спутниктерін құрастырушылар тек тендерлік жолмен анықталады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа мәжілісінен кейінгі брифингте Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осыдан кейінгі «ҚазСат-3, «ҚазСат-4», «ҚазСат-5» спутниктерін құрастырушылар тендерлік жолмен анықталады. Яғни, қай ел және қай компания бұл тендерді ұтып алса, солар осы спутниктерді жасайтын болады», деді Т. Мұсабаев.

Айта кетейік, «ҚазСат-1» және ҚазСат-2» спутниктерін Ресей тарапы жүзеге асырды.

Соңғы жаңалықтар