«ҚазСат-3» ғарыш аппаратын құрастыру және ұшыру бойынша тиісті жұмыстар басталды - алқа мәжілісі

None
None
А. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «ҚазСат-3» ғарыш аппаратын құрастыру және ұшыру бойынша тиісті жұмыстар басталды.

Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өтіп жатқан алқа мәжілісінде Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазСат-3» ғарыш аппаратын құруға және ұшыру бойынша жұмыстар басталды. «ҚазСат-3» байланыс спутнигін құру және ұшыру тұрғысындағы техникалық-экономикалық және қаржылық экономикалық негіздемесі әзірленген. Сондай-ақ оны құруға бағытталған техникалық тапсырма да даярланған», деді Т. Мұсабаев.

Оның сөзіне қарағанда Геостационарлық ғарыш аппараттарын басқарудың резервтік жердегі кешенінің құрылысына қажет жер телімін бөлу бойынша мәселелер шешілген.

Соңғы жаңалықтар