«ҚазСат-2» спутнигі бойынша орындалған жұмыс көлемі 80 пайыздан асты - брифинг

None
None
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -«ҚазСат-2» спутнигі бойынша орындалған жұмыс көлемі 80 пайыздан асып түсті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа мәжілісінен кейінгі брифингте Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазСат-2» Ресей тарапынан құрастырылып жатқанын жеткізген ол, «Бұл келісімшарт 2006 жылы жасалды. Бұл спутник бойынша орындалған жұмыс көлемі 80 пайыздан асып түсті», деді.

«ҚазСат-1» құрылғыларындағы кемшіліктерді анықтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілгенін жеткізген Т. Мұсабаев, «Осыған байланысты ғылыми және инженерлік-техникалық зерттеу жұмыстарынан кейін біздің және Ресей тарапынан «ҚазСат-2» спутнигіндегі басқару құралдарын Батыс Еуропалық компаниялардың жабдықтарына ауыстыру ұсынысы жасалды», деді.

Оның айтуынша, осы ауыстырылған жабдықтар еуропалық өте құнды жабдықтар болып саналады.

Соңғы жаңалықтар