«ҚазСат-2» ғарыш аппаратының ұшырылымы 2010 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр - Талғат Мұсабаев

None
None
;АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «ҚазСат-2» ғарыш аппаратының ұшырылымы 2010 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өтіп жатқан Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа мәжілісінде агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, алғашқы ұлттық спутникпен қалыптасқан жағдайды қайталауға жол бермес үшін сонымен бірге «ҚазСат-2» тапсырыс Қазғарыш құрылғанға дейін жасалса да, аталған ғарыш аппаратының басқару жүйесін жетілдіру, оны жақсарту және құрылып жатқан спутниктің сенімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданған.

«Сондай-ақ 2006 жылы қол қойылған келісім шартқа өзгерістер енгізілді», деп атап өтті Т. Мұсабаев.

Оның ішінде басқару құралдары Батыс Еуропа өндірушілерінің жабдықтарына ауыстырылған, «ҚазСат-2» ғарыш аппаратын құруға және ұшыру келісіміне толықтырулар енгізілген. Атап айтқанда, құрылып жатқан спутниктің сапасы мен қауқарлығына оны құрастыру тарапынан кепілдік беру, сондай-ақ спутник ұшырылғаннан кейін және аппаратты пайдалануға бергеннен кейін сақтандыру жағдайы басталған кезде құрастырушының жауапкершілігі мәселелері қамтылған.

Т. Мұсабаевтың сөзіне қарағанда, Гиостанционарлық ғарыш аппараттары үшін Қазақстанға орбиталық ұстанымдарды бекіту мен бөлу мәселелері қарастырылуда. «ҚазСат» сериалы ғарыш аппаратының жердегі басқару кешенінің және байланыс мониторингі жүйесінің жаңғыртуы жүргізілді. «Тиісті жұмыстар биылғы жылы аяқталуда. Құрастырылып жатқан «ҚазСат-2» ғарыш аппаратының ұшырылымы 2010 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр», деді агенттік төрағасы.

Соңғы жаңалықтар