«ҚазСат-1» жобасына жұмсалған қаржының 70 пайызы қайтарылады - Талғат Мұсабаев

None
None
А. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «ҚазСат-1» жобасына жұмсалған қаржының 70 пайызы қайтарылады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа мәжілісінен кейінгі брифингте Ұлттық ғарыш агенттігінің төрғасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, «ҚазСат-1» жобасын құруға жұмсалған қаржы көлемі 65 млн. жуық АҚШ долларын құрайды. Т. Мұсабаев бұл қаржы толығымен өтелмейтінін айта келе, «Себебі, спутник белгілі уақыт бөлігі бойынша жұмыс істеді», деді.

«Алайда біздің тарапымыздан нақты қаржылық сома сұралды. Бұл төлемнің құны жобаның жалпы сомасының 70 пайызға жуығын құрайды», деді Т. Мұсабаев.

Сонымен бірге ол «ҚазСат-1» қайтарылған қаржы алдағы ғарыштық жобаларға жұмсалатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар