«ҚазСат-1» бойынша сақтандырудан қайтарылған қаржы ғарыш саласын дамытуға бағытталатын болады - Үкімет басшысы

None
None
АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -«ҚазСат-1» бойынша сақтандырудан қайтарылған қаржы ғарыш саласын дамытуға бағытталатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Ұлттық ғарыш агенттігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

К. Мәсімов «ҚазСат-1» бойынша Талғат Мұсабаевқа және тиісті құрылымдарға нақты тапсырманы жүктей келе, «Атап айтқанда, сақтандырудың жағдайы бойынша мәселені соңына дейін шешу керек», деді Үкімет басшысы. Яғни, біз жұмсаған ресурстар сақтандырумен орны толтырылуы керектігін жеткізген К. Мәсімов, «Мен осы сақтандырумен қайтарылған қаржы ғарыш саласын дамытуға жұмсалуға бағытталатынына сөз беремін. Бұл алдағы жоспарлы шараларды қаржыландыруға жұмсалады. Осы мәселе өте маңызды», деді.

Соңғы жаңалықтар