«Қазпоштаға» жасалған шабуыл: 14 млн теңгені қарақшылар ұрламаған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қазпошта» қызметкері кассада жетпейтін 14 млн теңгені қылмыстық жолмен толтырмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3 қаңтар күні полиция «Қазпоштада» жұмыс жасайтын әйелдің қылмысын әшкерлеп, оның 3 сыбайласын анықтады.

«Қарақшылық шабуыл жасалған бөлім қызметкерлерінен жауап алынды. Олар шабуыл жасалған кезде ешқандай шуды естімегендерін айтты. Алайда 60 жастағы зәбірленуші әйел касса бөлмесіне кіре берген кезде біреулердің желке тұсынан ұрған соққысынан есінен танып қалғандығы туралы айтып, шағымданды», - деді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Батырхан Смайлов.

Полиция оқиғаның бейнежазбасын егжей-тегжейлі қарап, зәбірленуші әйелдің қарақшылық оқиғаға тікелей қатысты болғандығын анықтады.

«Тергеу нәтижесіне сәйкес, 3 қаңтарда «Қазпошта» АҚ-ның 60 жастағы қызметкері  кассада жетпейтін ақшаны қарақшылардың көмегімен толтырмақ болғандығы анықталды. Осы мақсатта әйел 3 сыбайласын қылмыстық іске тартқан», - деді Батырхан Смаилов.

Іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін 6 желтоқсан күні Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында «Қазпошта» АҚ пошта қызметі бөлімшесіне белгісіз адамдар шабуыл жасап, 14 млн теңгені алып кеткендігі туралы хабарланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар