«Қазпошта» Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы басшысы пара үшін сотталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы басшысы Б.Б.Пірәліге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Ол «Қазпошта» АҚ филиалына жұмысқа орналастырғаны үшін бір азаматтан қомақты мөлшерде пара алды деп айыпталған.
«Биылғы жылдың 5 ақпанында Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен Б.Б.Пірәлі қомақты мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар