+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Қазпошта сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында чат-ботты іске қосты

2019 жылғы 20 тамыз 11:55
Бөлісіңіз:
Қазпошта сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында чат-ботты іске қосты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пошта операторының алғашқы Qpost чат-боты post.kz сайтына және Facebook-тағы ресми парақшасында пайда болды, ал 28 тамызда ол Telegram-да қосылады, деп хабарлады ҚазАқпарат «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күнге дейін компания клиенттерінің сұрақтары мен арыздарын 8 байланыс каналы арқылы алды, бұл жауап беру уақытын едәуір арттыратын. Енді барлық өтініштер үшін бір кіріс каналы пайда болды. Бұл каналды чат-боттан басқа Сапа қызметінің операторлары бақылап, клиенттерге дер кезде көмек көрсетеді.

Жасанды интеллект технологиялары мен алгоритмдерін қолдана отырып іске қосылған біздің виртуалды көмекшіміз жіберілімдерді қадағалап, орналасқан жерін хабарлайды, тарифтер туралы ақпарат береді, пошта қызметін алуға байланысты барлық мәселелер бойынша кеңес береді.

Егер чат-бот клиентке қажетті мәселе туралы ақпарат бере алмаса, оны Қазпоштаның байланыс орталығының операторына қосады.

Біздің онлайн-көмекшіміз одан әрі дамып, қызмет көрсету кезінде білімін одан әрі арттырады. Ол неғұрлым көп сұраныстарды өңдесе, оның жауаптары тез және сапалы болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT