«Қазпошта» қызметкерлері мұғалімнің еңбек демалысының ақшасын ұстап қойған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Қазпошта» қызметкерлері мұғалімдердің еңбек демалысы ақысын ысырап еткені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қорғалжын аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 74 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, 2016 жылдың көктемінде «Қазпошта» бөлімшесінде 200 мың теңге сомасында демалыс төлемін төлемегенін айтқан.

«Анықталғандай, 2016 жылы зардап шеккен адам еңбек демалысы ақшасын алуы керек еді. Алайда, мұғалім демалысқа шыққаннан кейін ол қалаға кетіп, ақшасы туралы ұмытқан. Кейін елге оралған соң, бірнеше жыл өткен соң еңбек демалысы ақшасын алмағаны есіне түседі. Сөйтіп, қарт мұғалім полицияға хабарласады»,- деді ведомстводан.

Жедел іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Олар 2016 жылы «Қазпошта» филиалының кассирі болып жұмыс істеген 39 және 52 жастағы Қорғалжын ауданының тұрғындары.

«2016 жылдың шілдесінде әйелдер басқа адамдардың ақшасын алып, оларды заңды алушыға бермей, өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. «ҚазпоштаQUOT» филиалының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігі «сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар