Қазпошта Қытайдан келетін тауарларды уақтылы жеткізу үшін не істеп жатыр

None
Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте «Қазпошта» АҚ қызметінің өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайдыprimeminister.kz.

Компания басшысы Әсел Жанасова атқарылып жатқан жұмыс, ағымдағы көрсеткіштер мен халыққа қызмет көрсетудің тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын баяндады.



Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ұлттық пошта операторын қолдау және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды қарады.

Бұдан басқа, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» өткізу бекеті арқылы жүк көліктерінің, оның ішінде «Қазпошта» желісі бойынша өтуіне кедергілерді жою жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.




Премьер-Министрге бүгінгі таңда рәсімдеуден өтетін көлік саны тәулігіне Қазақстаннан ҚХР-ға - екі есеге жуық, ҚХР-дан Қазақстанға - 40% артқаны баяндалды.

Бұл ретте Әлихан Смайылов қысқа мерзімде одан да жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін әкімшілік процестерді жеделдетуді талап етті.


Соңғы жаңалықтар