Қазпошта әлеуметтік желіде тараған даулы видеоға пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазпошта әлеуметтік желіде тараған даулы видеоға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Телеграм каналда жарияланған бейнематериалға байланысты бейне авторының болжамдары шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Қара түсті целлофан қаптарда хаттар мен сәлемдемелер болмаған. Барлық пошта жөнелтілімдері тиеу талаптарына сәйкес көлікке тиеледі», - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ PR қызметінен.

Әлеуметтік желіге тараған 39 секундтық видео авторының атап өтуінше, оқиға Алматы облысына қарасты Іле ауданындағы Қазпошта бөлімшелерінің бірінше орын алған. Видеодан біреулердің Қазпошта деген жазуы бар көлікке қарай қара пакеттерді баспалдақтан төмен қарай домалатып жатқанын байқауға болады.


Фото: tobolinfo.kz

Соңғы жаңалықтар