«Қазпошта» АҚ Жаңа жылға дейін аптасына жеті күн қызмет көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ 2014 жылдың 13, 14, 16, 17, 20, 21, 27, 28 желтоқсан күндерін орталық операциялық учаскелер, пошта байланысының қалалық тораптары, облыстық филиалдардың поштаны өңдеу және жеткізу учаскелері, «Алматы почтамт», «Астана почтамт» қызметкерлері үшін жұмыс күндері деп белгіленді, деп хабарлады «Қазпоштаның» баспасөз қызметінен.

«Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, компанияның бұл бөлімшелері Жаңа жыл мерекесіне дейін жеті күндік жұмыс аптасына көшті. Сенбі күні толық жұмыс күні болса, жексенбіде сағат 10-нан сағат 13-ке дейін жұмыс істейді. Осылайша, 33 орталық операциялық учаскесі, поштаны өңдеу және жеткізудің 37 учаскесі және пошта байланысының 14 қалалық бөлімі клиенттерге демалыс күндері де қызмет көрсетеді.

«Жаңа жыл алдындағы күндері компанияның қабылдап отырған сәлем-сауқаттары мен корреспонденциясының саны бірнеше есеге артып, көптеген клиенттердің оларды мерекеге қарсы ала алмаған жағдайлар көп болған. Биыл біз әрбір клиентіміздің сәлем-сауқаты немесе хатын уақытылы алуы үшін қолымыздан келетіннін бәрін жасаймыз. Демалыс күні жұмысқа жұмылдырылған барлық қызметкерлерге компания демалу үшін басқа күнді бөледі немесе қызметкерлердің ниеті бойынша, еңбек заңнамасымен орнатылған тәртіпте еңбекақысын төлейді», - деп түсіндіріп өтті «Қазпошта» АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Мусин.

Осы аптада компания қазіргі уақытта жөнелтілімдері «Қазпошта» бөлімшелерінде жатқан барлық клиенттерге смс-хабарламаларды жіберуді ұйымдастырды. Сондай-ақ, өздерінің байланыс мәліметтерін қалдырған, және стационарлық телефондарының нөмірлері жүйеде көрсетілген барлық клиенттерге телефон соғу ұйымдастырылды. Аталған тәжірибе тұрақты түрде қолданылып, қағаз хабарламалардың орнын басуға шақырылады. Бұдан бөлек, компанияның қабылдап отырған сәлем-сауқаттар санының өсуіне байланысты еліміздің кейбір бөлімшелерінде оларды табыстау үшін терезелер санын көбейту жұмысы қолға алынды.

Компания жіберулер көлемінің көптігіне байланысты болуы мүмкін адам кезектері үшін алдын ала кешірім сұрайды. Бөлімшелердің тізімін компанияның www.kazpost.kz коропоративтік сайтынан көруге болады.

«Қазпошта» АҚ - Қазақстан Республикасының пошта, қаржылық және логистикалық қызмет көрсететін пошта байланысының ұлттық операторы. «Қазпошта» АҚ бүкіләлемдік пошта одағының мүшесі, Posteurop Еуропалық пошта операторлары қауымдастығының мүшесі, VISA International и MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің қатысушысы болып табылады. Компанияның жалғыз акционері - «Самұрық Қазына» АҚ.

Соңғы жаңалықтар