«Қазпошта» АҚ көрсететін қызметтерінің ақысын төмендетуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ кейбір қызмет тарифтерін төмендетті. Бұл туралы аталмыш мекеменің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Қазпошта» АҚ ел ішінде тіркелген корреспонденцияларды (хат, бандероль, карточка) жіберудің ақысын орта есеппен 25 пайызға, пошта арқылы Қазақстан ішінде сәлемдеме жіберу қызметінің ақысын 5 пайызға арзандатты», - деп атап өтті баспасөз қызметінің мамандары.

Дәлірек айтқанда, әуе қатынасы арқылы салмағы 3 келіге дейінгі сәлемдемені жіберу 1650 теңгеден 1380 теңгеге арзандатылды. Сондай-ақ, ерекше санаттағы азаматтар үшін де жеңілдіктер жасау қарастырылып отыр. «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, жалпыға ортақ пошталық қызметтердің ақысы 2012 жылдан бері өзгермеген.

Пошта қызметіндегі тарифтік саясаттың тұрақтылығы аталған саланың негізгі тұтынушылары - зейнеткерлерге деген құрметтің белгісі болып табылады, дейді оның қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар