+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

«Қазпошта» АҚ интернет сатып алу нарығын дамытып жатыр

2021 жылғы 4 мамыр 16:38
Бөлісіңіз:
«Қазпошта» АҚ интернет сатып алу нарығын дамытып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ цифрлық трансформация аясында қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін электрондық сервистерді белсенді түрде дамытуда. Ұлттық пошта операторы қазақстандық нарыққа халықаралық компанияларды тартып отыр. Kazpost төлем карталарын қолданушылар үшін LetyShops кэшбэк-сервисі арқылы интернет сатып алуларға жұмсалған ақшаның 20% қайтаруға мүмкіндік бар.

«Қазпошта» АҚ елімізде е-commerce нарығын дамытуды ынталандыруда. Бұл өз кезегінде экономиканың қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне өтуіне жол ашады. Пошта байланысының ұлттық операторы 2027 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес электрондық коммерцияны дамыту үшін экожүйені қалыптастыруға баса назар аударып отыр.

«Пандемияға байланысты әлемде тұтынушылардың дағдылары өзгергені байқалады. Е-commerce үлесі артып, online-сервистер қарқын алды. Қазпошта бұл тенденцияларға сәйкес электрондық сауда алаңдарымен байланыс орнатты, сонымен бірге өзіміздің төлем карталарымызды шығарамыз. Оның ішінде виртуалды карталар да біздің тұрғындарға ұсынылады. Осылайша біздің клиенттерімізге ыңғайлы жағдай жасау үшін өзіміздің экожүйемізді құрып, қызметтердің толық спектрін ұсынып отырмыз», - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Тәуекелдер және комплаенс жөніндегі басқарушы директоры Нұрқанат Нұрақынов.

Қол жеткізілген келісім онлайн түрде сатып алушыларға LetyShops серіктестерінен науқанға байланысты 20% дейін және қосымша 2% дейін cashback Kazpost AliExpress, Kazpost Virtual карталарымен төлеген кезде қарастырылған.

Виртуалды картаны post.kz сайтында және мобильді қосымшасында ашуға мүмкіндік бар.

Сатып алушылар үшін 3 мыңнан астам интернет-дүкенді біріктіретін кэшбэк-сервистің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігі бар.

Рost.kz сайтында «Пайдалы интернет сатып алулар» айдарына өтіп, онлайн сатып алудың шарттарымен танысуға болады. Сілтеме бойынша серіктестің сайтына өтіп, тіркеуден өту қажет.

Содан кейін дүкенді таңдап, Қазпошта картасымен оның ақысын төлеу қажет. Сатып алудың бағасынан берілген кэшбэкті Қазпоштаның кез келген картасына аударуға болады.

Бүгінде Ұлттық пошта операторы бизнес-процестерді цифрлық трансформациялау жұмыстарын белсенді жүргізуде. Қазпошта қызметтің сапасын жетілдіру және қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін жаңа функцияларды қолданысқа енгізіп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT