«ҚазОрман» ағаш өңдеу кәсіпорыны биыл алғашқы тоқсанда 25,7 млн теңгенің өнімін шығарды - Ақмола облысы   (ФОТО)
2016 жылғы 26 сәуір 10:15

«ҚазОрман» ағаш өңдеу кәсіпорыны биыл алғашқы тоқсанда 25,7 млн теңгенің өнімін шығарды - Ақмола облысы (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы «ҚазОрман» ағаш өңдеу кәсіпорыны 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 25,7 миллион теңгенің өнімін шығарды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне кәсіпорынның бас директоры Әлжан Қырықпаев айтты.

Оның айтуынша, жылдық қуаты 5 мың текше метр ағаш өнімдерін шығаратын зауыт 2014 жылы өндіріс көлемін 8 мың текше метрге ұлғайтқан болатын.

«Біздің зауыт 2009 жылы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске қосылды. Кәсіпорында қазіргі заманғы технология бойынша еуропалық стандарттарға сай ағаштан үй, терезе жақтаулары мен есіктер тәрізді түрлі құрылыс материалдары шығарылады. Бұл - еліміздегі орман шаруашылығы саласындағы жоғары қарқынмен дамып отырған алғашқы «қарлығаштарының» бірі. «Бизнестің жол картасы-2020» мембағдарламасы шеңберінде кәсіпорынға 280 млн теңге көлемінде субсидия бөлінген.

2014 жылы кәсіпорында жаңғырту жұмыстары қолға алынып, өндіріс көлемін 8 мың текше метрге дейін ұлғайттық. Осының арқасында өндіріс көлемі де артып, 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 25,7 миллион теңгенің өнімі шығарылды. Жалпы, бүгінгі күні кәсіпорын өнімдеріне сұраныс жоғары», - дейді кәсіпорын басшысы.

2 3 4 5 6

Jańalyqtar

MURAǴAT