«KAZNEX INVEST» форумы қорытындысында Үрімшіде $4 млн. астам сомаға келісімдер жасалды (ФОТО)

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 23 маусым күні «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық округінің Үрімші қаласында қазақстандық-қытайлық бизнес-форумы - қазақстандық кәсіпорындардың 5-ші сауда миссиясын өткізді.

Мұнда Қазақстанды май және ұн өнімдері, салқын сусындар, жылуды оқшаулайтын, құрылыс, химиялық материалдар, медициналық бұйымдар мен препараттар шығаратын, сондай-ақ көліктік-логистикалық қызметтерді көрсететін 15 кәсіпорын таныстырды.

Қытайлық тараптан форумға Халықаралық саудаға ықпалдасу комитетінің Шыңжаңдағы бөлімінің орынбасары Ню Мин, кеден және карантин қызметкерлері, сондай-ақ қызығушылық танытқан 100-ден астам қытайлық компания қатысты. Бизнес-форум қатысушыларының алдында «KAZNEX INVEST» АҚ-ның ҚХР-ғы өкілі Қайрат Керімов сөз сөйледі. Өткзіліп отырған бизнес-форумның аясында бірқатар қазақстандық кәсіпорындар жалпы сомасы 4 млн. доллардан асатын бастапқы аясындағы келісімдерге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар