Қазнеттегі бос жұмыс орындары enbek.kz порталында біріктіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламтордағы қолжетімді барлық деректер, Қазақстандағы жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары туралы enbek.kz порталында біріктіріледі. Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның президенті Дәулет Арғындықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Еnbek.kz» порталы арқылы бос орындар туралы ақпаратты жеткізу үшін жұмыспен қамту заңнамасына өзгерістер енгізу қарастырылған. Бұл толығымен қағазбастылықты жойып, бизнес жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Портал жұмыспен қамту орталықтары мен жеке агенттіктердің қолжетімді лауазымдарға мамандар табуына өз ықпалын тигізеді. Біз қазірдің өзінде порталдың ғаламтор кеңістігінде іздеушілер мен ізденушілер жайлы мәліметтердің барлығын бір жерге топтастырғалы жатырмыз», - деді Д.Арғындықов.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Жұмыс. Бос орындар» тематикасы бойынша, Zero.kz  интернет-статистика сервисінің қазақстандық рейтингінің деректеріне жүгінсек, enbek.kz порталы Қазақстан бойынша бірінші орында. 

Соңғы жаңалықтар