Қазнетке хакерлер шабуыл жасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Интернеттің қазақстандық бөлігіне бірнеше күннен бері кибершабуыл жасалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына да, Қазнет инфрақұрылымына да бағытталған.

Оның салдарынан интернетке қосылуда кідіріс орын болып жатыр. «МТҚ» АҚ ұзақмерзімді кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан қоғамдық оқиғаларға байланысты деп болжайды.

«Егер сіз ақпараттық қауіпсіздік оқиғасына тап болсаңыз, 1400 (24/7) тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы мамандарға хабарласуыңызды немесе Telegram чатына өтінім жіберуіңізді сұраймыз» деп ескертеді кәсіпорын.

Еске сала кетсек, ҚазАқпарат бұған дейін компанияның байланыс операторларымен бірлесіп, жүйені оңтайландыру бағытында техникалық жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлаған.



Соңғы жаңалықтар