Қазнетке бірнеше күн бойы толассыз кибершабуыл жасалып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Қазнетке бүгін тағы кибершабуыл жасалғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» бүгін таңертең Қазнетке ауқымды кибершабуылдың тағы да тіркелгенін хабарлайды. Мұндай жайт еліміздің барлық өңіріндегі интернетке қосылу жұмысына кері әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ техникалық мамандары қауіп-қатерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген аталған қызметтің Іnstagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Еске сала кетейік, интернеттің қазақстандық бөлігіне бірнеше күннен бері кибершабуыл жасалып жатыр.

Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына да, Қазнет инфрақұрылымына да бағытталған.

Оның салдарынан интернетке қосылуда кідіріс орын болып жатыр. «МТҚ» АҚ ұзақмерзімді кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан қоғамдық оқиғаларға байланысты деп болжайды.

ҚазАқпарат бұған дейін компанияның байланыс операторларымен бірлесіп, жүйені оңтайландыру бағытында техникалық жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлаған.


Соңғы жаңалықтар