+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Kazneb.kz: Ұлттық электронды кітапхана қолжетімді бола түсті

2020 жылғы 24 сәуір 11:32
Бөлісіңіз:
Kazneb.kz: Ұлттық электронды кітапхана қолжетімді бола түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы 24/7 режимінде оқырманға кітап оқуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда министрліктің Instagram желісіндегі «Оқырман кітабы қандай?» атты қазақстандық мәдениет қайраткерлері бастап, Мемлекет басшысы қолдау көрсеткен челлендж оқырманның ризашылығын тапты. Сол арқылы әркім өзі оқып жатқан кітаптарды, газеттер мен журналдарды жариялап, челленджді басқа адамға жолдайды. Сол секілді уақытын кітап оқып өткізгісі келетіндер үшін www.kazneb.kz (http://kazneb.kz/) порталында 24/7 режимінде Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы жұмыс істеп келеді. Ол әрбір қазақстандық үшін тұратын жеріне қарамастан қолжетімді», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан басқа, Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп әзірлеген «Карантиндегі жұлдыз» онлайн-жобасына көрермен тарапынан жағымды пікірлер айтылып, жазылып жатқанын тілге тиек етті.

«Жоба іске қосылған сәттен бастап қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен 15 миллион көрерменге дейін қамтитын 30 онлайн-концерт өткізілді. Республикалық ұйымдармен қатар, өңірлердегі мәдениет мекемелері де on-line форматтағы іс-шараларды іске асыра отырып, шығармашылық қызметте жаңа тыныс алып келеді. Жалпы, карантин басталғалы бүкіл республика бойынша online режимде шамамен 15 мың іс-шара өткізіліп, оларды шамамен 30 млн адам қарады. Жүргізілген талдаулар біздің азаматтарымыздың жүзеге асырылып жатқан әр түрлі жанрлық жоба мен іс-шараға қызығушылық танытатынын көрсетті. Мәселен, бір ғана онлайн-концерт 1 миллион адамға дейінгі аудиторияны жинайды», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT