«Қазмырыштың» мыс зауыты жобасы Қазақстандағы 30 серпінді жобаның қатарында - Елбасы

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласына жасаған сапарының аясында Мемлекет басшысы «Қазмырыштың»

Өскемен металлургиялық алаңында орналасқан Мыс зауытындағы мыс балқыту цехының жұмысымен танысып өтті. Бұл жоба ҚР Индустрияландыру картасының «Жаңа металлургия» үлкен жобасының аясында енгізіліп, Қазақстанның 30 серпінді жобаларының қатарына кірді. Жобаның іске асырылуы ел Президентінің қадағалауымен жүргізіліп, бұл өндіріс Н.Назарбаевтың аймаққа жұмыс сапарының аясында барған бірінші нысан болды.

Мемлекет басшысы бұл жобаны біздің еліміздің жаңа тарихындағы ең алдыңғы қатарлы деп атады. Н.Назарбаев «Жаңа металлургияның» технологиялар деңгейі мен инвестициялар көлемі бойынша Қазақстанда теңдесі жоқ екенін, сондай-ақ жаңа өндірісте экологиялық мәселелердің де шешілгенін ерекше атап өтті.

Нұрсұлтан Әбішұлына мысты алудың технологиялық процестері көрсетілді. «Қазмырыштың» Өскемен металлургиялық алаңында орналасқан Мыс зауытының мыс балқыту цехының 5-ші разрядтағы балқытушысы Нұрлан Идришев ел Президентіне алғыс білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазмырыштың» ұжымымен кездесуі одан кейін зауыт жанында орналасқан бағалы металдарды шығару алаңында жалғасты. Мұнда ел Президентін зауыттың 7 мыңнан астам қызметкері қарсы алды.

Соңғы жаңалықтар