«ҚазМұнайГаздың» сыртқы қарыздарына мемлекет кепілдік бермейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаздың» басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев кәсіпорын акцияларының қайталама нарықта сатылуына бастау берген салтанатты шарада компанияның сыртқы қарыздары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазМұнайГаздың» қарызы бар деген сөз біздің борышқа батқанымызды немесе қаржылық жағдайымыз тұрақсыз екенін білдірмейді», -деп түсіндірді компания басшысы.

Оның айтуынша, компанияның құнды қағаздарын биржаға шығару ІРО-ға дайындықтың бір бағыты болған.

«Біздің қарыздарымызға мемлекет ешқандай кепілдік бермейді. Осы жұмыстардың бәрі бірнеше жыл бұрын басталып кеткен. Оның бәрі бүгінгі ІРО-ға дайындық та болан еді. Қазіргі кезде компанияның қарызы 9 млрд доллардан асады. Кейінгі бірнеше жылда қарыз көлемін азайттық. Бір кездері ол 19 млрд доллар болған. Яғни, біз өз қарызымызды басқарып отырмыз», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар