«ҚазМұнайГаз» ЖҚС компаниясы алаяқтық жөнінде ескерту жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» жанармай құю стансаларының желісі алаяқтық жөнінде ескертеді. Бұл туралы «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таяуда мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «ҚазМұнайГаз» ЖҚС желісі өзінің 10 жылдық мерейтойына байланысты 1 000 литр бензиннің купонын сыйлыққа беріп жатыр» деген жалған ақпарат тарады. Купонды алу үшін алаяқтар әлдебір күдікті сайтқа кіріп, сауалнаманы толтыруды ұсынады.

«ҚазМұнайГаз» жанармай құю стансаларының желісі бұл хабарлама шындыққа сәйкес келмейтіндігін, алаяқтық және адамның жеке мәліметтері мен құпия ақпараттары иемденуді көздеуі ықтимал екендігін ескертеді.

«Құрметті клиенттер! Өтінеміз, барынша мұқият болыңыздар! Алаяқтардың әрекетіне алданып қалмаңыздар! Біздің компанияның атын жамылып, бөгде сайттарда ойнатылып жатқан ойындарға қатыспаңыздар! Компания ұйымдастырған қолданыстағы акциялар мен ойындар туралы барлық ақпарат тек azskmg.kz сайтында және компанияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында ғана жарияланады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар