«ҚазМұнайГаз» вице-президенті жұмысынан шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «ҚазМұнайГаз» вице-президенті Данияр Берлібаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет басшысы ұлттық компания вице-президенті елдегі бензинге қатысты ахуалды реттеуде өзінің міндетін орындай алмағандығын баса айтты.
«Премьер-Министр және «Самұрық-Қазына» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде өз міндетін тиісті деңгейде орындай алмаған «ҚазМұнайгаз» басқармасы төрағасына сөгіс түріндегі тәртіпті жазаны белгілеу бойынша шараларды белгіленген тәртіппен қабылдауды тапсырамын. Сонымен қатар өз міндетін тиісті деңгейде орындай алмаған «ҚазМұнайГаз» ҰК» басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Берлібаевтың өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдау қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.
- ҚР Үкіметі мен ЕҚҚДБ арасында ҚР денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту келісімі жасалды
- Асқар Мамин АҚШ-та цифрлық даму саласындағы әлемдік компаниялардың басшыларымен кездесті
- Президент Жолдауын іске асыру: инвестиция және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі
- Маминнің АҚШ-қа сапары: Америкалық агробизнес лидерлері Қазақстанға инвестиция салады
-
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді
-
Павлодар облысының Баянауыл ауданына жаңа әкім тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам