«ҚазМұнайГаз» өнімдері бас директоры ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» өнімдері  бас директоры ұсталды. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, 2018 жылдың 1 қарашасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ҚазМұнайГаз» өнімдері ЖШС бас директорының заңсыз іс-әрекеттері анықталған.

«Ол өзіне бағынышты «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС-ның ШҚО филиалы директорының міндетін атқарушыдан жалпы қамқорлығымен оның қызметтік әрекеттеріне жол беру үшін 4,3 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Өз кінәсін мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - деді Жанна Бастарова.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта күдіктілердің үстінен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Менің білуімше, кепілдік сомасы шамамен 5 млн теңгені құрайды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар