«ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ Басқарма құрамы өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ Басқарма құрамы өзгерді. Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметінен хабарлады.

«ҚазМұнайГаз - ӨМ» АҚ Директорлар Кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен жаңа жұмысқа ауысуына байланысты аппарат жетекшісі Азамат Ақышевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Басқарма мүшесі болып маркетинг жөніндегі Бас директордың орынбасары Ерлан Қойбағаров сайланды. Қойбағаров Ерлан Алыханұлы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық институттың Қарағанды филиалын «Құқықтану» мамандығы бойынша, «Фемида» заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша, Атырау мұнай және газ институтын «Экономист» мамандығы бойынша, Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік Мұнай және газ университетін «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша бітірді («МВА Сonstructor»). Еңбек жолын 2002 жылы «Фемида» заң институтының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы лауазымында бастады. Әр жылдары «Қазақтелеком» АҚ Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясында, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Алма-ТВ» АҚ, «КаzTransCom» АҚ жұмыс істеді. Сондай-ақ, 2008-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ мұнай өнімдерін жеткізу департаменті директорының орынбасары, мұнай өнімдерін жеткізу департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ Басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ Ішкі нарық жөніндегі басқарушы директоры, мұнай өнімдерінің маркетингі департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2012-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ Бас директордың маркетинг жөніндегі орынбасары. 2013-2014 жылдары - «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ Коммерциялық директоры, 2014 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ Бас директордың маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар