«ҚазМұнайГаз» өкілі қазақстандықтарды ІРО-ның атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев қазақстандықтарды ІРО-ның атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтарға алаяқ сайттар мен моблиьді қосымшалар арқылы «ҚазМұнайГаз» компаниясына ақша салып, мол табыс табуға болатыны туралы хабар таратып жатқан алаяқтар туралы ескерткім келеді. Мұндай фейк сайттар танымал адамдардың атын атап, кең таралған видеолардың дыбысын жалған аудиомен алмастырып қолданады. Қазақстандықтарды сақ болуға шақырамыз. Компанияның бүкіл қызметі туралы сенімді ақпаратты ресми сайтымыздан алыңыздар. Біз сол сайтта ІРО туралы бүкіл ақпаратты жариялап отырамыз», - деді Дәурен Қарабаев.

Бұған дейін IPO-ға шыққаннан кейін, «ҚазМұнайГаз» компаниясы жылына кемінде 250 миллиард теңге көлемінде дивиденд төлеуді жоспарлап отырғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар