«ҚазМұнайГаз» компаниясының кеңсесінде тексеру жүріп жатыр – агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық монополияға қарсы департамент қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының кеңсесіне тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Бұдан бұрын хабарланғандай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын сататын ірі алты компанияға қатысты тергеуді бастады. «Қазмұнайгаз» АҚ, «Петросун» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГПЗ» ЖШС компаниялары ТМД аумағында көтерме саудада шикізат бағасын шектен тыс асырды деген күдікпен тексерілмек.


Соңғы жаңалықтар