ҚазМұнайГаз компаниясы оңтайландыру жұмысын бастады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазМұнайГаз компаниясы оңтайландыру жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазМұнайГаз компаниясы оңтайландыру жұмыстарын аппараттық орталықтан бастады. Бұл үрдіс өзінің қарамағындағы еншілес мекемелерде әрі қарай жалғасын табатыны сөзсіз. Бірақ бұл жұмысшыларға көп әсерін тигізбеуі керек деген ұсыныс бар. ҚазМұнайГаз компаниясының ұстанымы осындай», - дейді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, оңтайландыру жұмысы жұмыссыздарды жаппай қысқартуға алып келмейді.

«Өңірлерге қойылатын басты талап – мұнай саласындағы қызметкерлерді себепсіз жұмыстан босатуды болдырмау», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар