«ҚазМұнайГаз» ІРО-сынан түсетін ақша Ұлттық қорға аударылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» ІРО-сынан түсетін ақша Ұлттық қорға аударылатыны мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазМұнайГаздың» ІРО-сынан түсетін ақша қайда жұмсалады?», - деп сұрады БАҚ өкілі компания өткізген онлайн баспасөз мәслихатында.

«ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаевтың айтуына қарағанда, ІРО-дан түсетін ақша тікелей компания шотына түспейді.

«ІРО бойынша «Самұрық-Қазынаға» тиесілі акциялар сатылып жатыр. Сәйкесінше, сатылымнан түскен ақшаның бәрі «Самұрық-Қазына» қорына жөнелтіледі. Яғни, ІРО-дан «ҚазМұнайГазға» ақша түспейді. Қазақстанның басқа компаниялары кейінгі кезде ІРО өткізгенде де осындай жағдай болған. Біздің білуімізше, әрі қарай «Самұрық-Қазына» ол қаражатты Қазастан Республикасының Ұлттық қорына бағыттауды жоспарлап отыр», - деді Дәурен Қарабаев.

Бұған дейін IPO-ға шыққаннан кейін, «ҚазМұнайГаз» компаниясы жылына кемінде 250 миллиард теңге көлемінде дивиденд төлеуді жоспарлап отырғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар