«ҚазМұнайГаз» ІРО-сына 130 мың өтінім түскен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акциялары саудасының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, ІРО-ның аралық қорытындылары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттеріне сәйкес, экономикадағы мемлекет үлесін әрі қарай төмендету реформасы кешенді түрде жалғасуда. Бұл реформа елдің экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі болып есептеледі.

Бүгін біз жетекші ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясында ІРО өткізудің куәсі болып отырмыз. Бұл компаняда еліміздің 47 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді», - деді Үкімет басшысы.

Оның мәліметі бойынша, ІРО-ның жалпы көлемі 154 млрд теңге болып отыр.

«Ал берілген өтінімдері саны шамамен 130 мың болды. Қазақстандықтардың үлесі жалпы орналастырылған акциялар көлемінің 95 процентін астамын құрады. Біздің азаматтарымыздың өтініштері басым тәртіпте әрі толықтай қанағаттандырылды», - деді Әлихан Смайылов.

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ІРО-сынан түсетін ақша Ұлттық қорға аударылатыны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар