+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«ҚазМұнайГаз» ІРО-сы неліктен кейінге шегерілді – «Самұрық-Қазына» өкілі түсіндірді

2020 жылғы 17 маусым 15:03
Бөлісіңіз:
«ҚазМұнайГаз» ІРО-сы неліктен кейінге шегерілді – «Самұрық-Қазына» өкілі түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиев «ҚазМұнайГаз» компаниясының ІРО-сы неліктен кейінге шегерілгенін түсіндір, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Біз «ҚазМұнайГаз» ІРО-сының мерзімін шегердік. Ұсынысымызды қолдаған Үкіметке алғыс айтамыз. Жалпы, «ҚазМұнайГазды» ІРО-ға дайындау бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік. Халықаралық сарапшылармен ақылдасып, Лондонда, АҚШ-та инвесторлармен алдын ала кездесу өткіздік. Әйтсе де, мұнай мен газға инвестиция салатын инвесторлар дивиденттерге баса маңыз беретінін білеміз. Яғни, қазір мұнай компанияларына инвестиция салатын инвесторлар үшін басты тренд – қысқа мерзімді бағаның максимизациясы. Яғни олар компанияның өз акционерлеріне жоғарылатылған дивидентті беруін күтеді», - деді Алмасадам Сатқалиев тікелей эфирде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір мұнай бағасының аса жоғары болмай тұрған кезеңінде инвесторлар тарапынан да қызығушылық аз. Тиісінше акцияларды сатудан айтарлықтай қаражат түспейді.

«Осы логикаға сүйене отырып, «ҚазМұнайГаз» компаниясының ІРО-сын кейінге шегеру туралы шешім қабылдадық. Нарыққа талдау жасай отырып, мұнай бағасына маңыз беретініміз анық. ІРО-ға дайындық жіті жүргізіліп, дивиденттік саясатты жетілдіруге қатысты тиісті түзетулер енгізіледі», - деді ол.

Еске сала кетсек, Алмасадам Сатқалиев бұған дейін 2021 жылы жекешелендірілетін ірі активтердің ішінде тек «Қазпошта» пен «Самұрық энерго» бар. Ал 2022 жылы «Air Astana» мен «Qazaq Air», сонымен бірге «Самұрық-Қазынаның» тау-кен компаниясын, 2023 жылы Қазақстан темір жолын жекешелендірілетінін мәлім еткен болатын.

Сонымен қатар, Алмасадам Сатқалиев «Самұрық-Қазына» активтерін дәл биыл жекешелендірудің айтарлықтай қаупі барын айтқан еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT