ҚазМұнайГаз ІРО-ға шығарған акциялар неге түгел сатылған жоқ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «ҚазМұнайГаздың» ІРО-ға шығарылған 5 пайыз акция неге түгелдей сатылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ІРО-ға «ҚазМұнайГаздың» қорға тиесілі акциясының 5 пайызын шығаратындарыңызды хабарлаған едіңіздер. Бірақ ақыры 3 пайызы ғана сатылып отыр. Бұл немен байланысты?», - деп сұрады БАҚ өкілі.

Қор басшшысының айтуынша, ІРО-ға өтінім беру үшін берілген мерзімде тек 3,5 пайыз акцияға ғана өтінім түскен.

«Қазіргі жағдайды ескеріп, инвесторларды тарту үшін, «ҚазМұнайГаз» акциясының сатылуын қамтамасыз ету үшін дисконт беріледі деген түсінік болды. Яғни, біз «ҚазМұнайГаз» активтерінің құны шамамен 32 млрд доллар болғанда ІРО-ға ұсынған акциялар тиісті дисконтпен, тіпті баланстық құнынан төмен бағамен сатылатынын күттік. Осылайша біз бірінші кезеңде кіретін ІРО ортасын шектеу керек деп топшыладық. Яғни, олар кіріс сатып алушылар болады деп күттік. Нәтижесінде олар дисконтпен актив алуы керек болды», - деді «Самұрық-Қазына» басшысы.

Оның айтуынша, түскен өтінімдердің бәрі бірдей мақұлданбаған.

«Осыған байланысты біз ІРО тым үлкен болмауы керек деп есептедік. Ол шағын, шектеулі және Қазақстан нарығына басымды беретін болуы керек еді. ІРО қорытындысы бойынша біз шамамен 3,5 пайыз акцияларға өтінім алдық. Осыған байланысты тек 3 пайыз өтінімді ғана мақұлдадық. Акциялардың бір қолға шоғырлануын болдырмау үшін біз кейбір өтінімдерді кері қайтардық. Яғни негізгі басымдық Қазақстан азаматтарына бағытталды», - деді Алмасадам Сәтқаилев.

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ІРО-сынан түсетін ақша Ұлттық қорға аударылатыны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар